Жетістіктері

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы ғылыми-педагогикалық тәжірибесі мол, кәсіби құзыреттілігі жоғары, теориялық білімі мен практикалық дағдылары қалыптасқан білікті ғалымдар мен мамандардан тұрады. Оқытушылар Қазақстан Республикасының тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібінің жетекші кәсіпорындарында, сондай-ақ жақын және алыс шетелдердің ғылыми және өндірістік ұйымдарында тағылымдамадан тұрақты түрде өтіп, кәсіби біліктілігін арттырады. Бакалаврларды, магистранттар мен докторанттарды даярлау үдерісіне жаратылыстану ғылымдары бағытындағы жетекші оқытушылар тартылып, бұл мамандарды даярлауда пәнаралық тәсілді қолдануға және білім беру сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы білім беру бағдарламаларының мазмұнын жетілдіруге, заманауи білім беру технологияларын енгізуге және оқыту тиімділігін арттыруға белсенді қатысады. Оқу-әдістемелік қамтамасыз ету деңгейін дамыту мақсатында жыл сайын бекітілген оқу және әдістемелік әдебиеттерді басып шығару жоспарына сәйкес оқытушылар тарапынан оқу құралдары, монографиялар және басқа да ғылыми-әдістемелік еңбектер әзірленіп, жарияланады. Кафедра оқытушыларының кәсіби жетістіктері республикалық деңгейде бірнеше рет жоғары бағаланып, кафедра өкілдері «ЖОО-ның үздік оқытушысы» республикалық конкурсының лауреаттары атанған.

«ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағының иегерлері:

  • Лесова Жаниха Туреевна ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2010 жыл;
  • Абжанова Шолпан Аманкелдықызы ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2015 жыл;
  • Божбанов Алихан Жаксыбекович ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2021 жыл;
  • Абдигалиева Толқын Бақытқызы ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2025 жыл.

ПОҚ жетістіктері

Кафедрада профессор-оқытушылар құрамының бастамасымен төмендегідей ғылыми-зерттеу жұмыстары (ҒЗЖ) жүзеге асырылуда:

  1. «Ақуыздық жемшөп қоспаларын қолдану арқылы биологиялық қауіпсіз әрі құнарлы геродиеталық мал шаруашылығы өнімдерін алу». Ғылыми жетекшісі – Абжанова Ш.А. Жобаны іске асыру мерзімі: 2023–2025 жылдар.
  2. «Тұрақты тамақ өнімдерін өндірудің құрамдас бөлігі ретінде сүт сарысуын биотехнологиялық өңдеу». Жоба жетекшісі – Матибаева А.И. Мемлекеттік тіркеу нөмірі: 0126РКИ0096. Жобаны іске асыру мерзімі: 2026–2028 жылдар.
  3. «Алматы облысының сүт саласында тұрақты өндірісті қамтамасыз ету үшін пробиотиктермен байытылған және сарысуды биовалоризациялау негізінде функционалдық ашытылған сүт өнімдерінің биотехнологиясын әзірлеу». Жоба жетекшісі – Джетписбаева Б.Ш. Мемлекеттік тіркеу нөмірі: 0126РКИ0095. Жобаны іске асыру мерзімі: 2023–2025 жылдар.
  4. «Өсімдіктердің өсуін ынталандыратын бактериялар мен олардың метаболиттерін зерттеу». Жоба жетекшісі – Усманова А.Д. Мемлекеттік тіркеу нөмірі: 0126РКИ0114. Жобаны іске асыру мерзімі: 2026–2028 жылдар.
  5. «Синбиотикалық мақсаттағы дәрумендермен байытылған пастиланың сапасы мен функционалдық қасиеттеріне модификацияланған технологияның әсерін зерттеу». Жоба жетекшісі – Жельдыбаева А.А. Мемлекеттік тіркеу нөмірі: 0126РКИ0143. Жобаны іске асыру мерзімі: 2026–2028 жылдар.
  6. «Алматы облысының адаптоген өсімдіктерінің биологиялық белсенділігін зерттеу». Жоба жетекшісі – Лесова Ж.Т. Мемлекеттік тіркеу нөмірі: 0126РКИ0150. Жобаны іске асыру мерзімі: 2026–2028 жылдар.

Шикізат пен дайын тамақ өнімдеріне физика-химиялық (микроскопия, поляриметрия, колориметрия, рефрактометрия, спектроскопия), органолептикалық, биохимиялық және микробиологиялық зерттеулер АТУ-дың Тағам қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институты мен «Қолданбалы биотехнология» кафедрасының базасында жүргізіледі. Аталған зерттеулер шикізат пен дайын өнімдердің сапа және қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін анықтауға мүмкіндік береді.

Жұмыс жоспарына сәйкес, тамақ өнімдерінің биологиялық құндылығы мен қауіпсіздігін, қоректік заттардың сіңімділік дәрежесін және нақты энергетикалық құндылығын анықтау мақсатында физиологиялық зерттеу әдістері де қолданылады.

Кафедра жыл сайын Алматы технологиялық университеті ұйымдастыратын «Тамақ, жеңіл өнеркәсіп және қонақжайлылық индустриясының инновациялық дамуы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға белсенді қатысады. Конференция жинағында кафедраның профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері жарияланады (2-қосымша).

Сонымен қатар, кафедраның профессор-оқытушылар құрамының өкілі Лесова Ж.Т. 2025 жылғы 3–5 қазан аралығында Албанияның Тирана қаласында өткен «Invitation to the International Conference on Agriculture and Life Sciences (ICOALS V)» халықаралық конференциясына қатысты.

Набиева Ж.С. Шәкәрім университетінің хабаршысы, «Техникалық ғылымдар» сериясы редакциясының атынан 9 ғылыми мақалаға рецензия жазғаны үшін журнал рецензенті сертификатымен марапатталды.

Кафедра студенттері де шетелдік халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға белсенді қатысып келеді. Атап айтқанда:

  • «Халықаралық жас зерттеушілер форумы – 2025» III халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы;
  • Сан-Антонио қаласында (Техас штаты, АҚШ) өткен XI International Scientific-Practical Conference;
  • Бүкілресейлік студенттер мен білім алушылардың зерттеу форумы және II Бүкілресейлік ғылыми-практикалық конференция;
  • «Тоңазытқыш техникасы, инженерлік жүйелер және биотехнологиялар» VII ұлттық конференциясы (РИНЦ);
  • «Инженерия бүгін. Мәселелері, үрдістері, перспективалары» атты оқытушылардың, жас ғалымдар мен студенттердің бүкілресейлік ғылыми-практикалық интернет-конференциясы (РИНЦ).

Аталған конференцияларға қатысу қорытындысы бойынша студенттер тиісті сертификаттарға ие болды.

2025 жылы Абдигалиева Т.Б. «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағына ие болып, осы жетістігі үшін медальмен және сыйақымен марапатталды.

  

2025 жылы Абдигалиева Т.Б. «ЖОО-ның үздік оқытушысы»

 

а) Жельдыбаева А.А. – жоғары білім беру саласындағы жетістіктері үшін Құрмет грамотасымен марапатталды;

б) Нукенова С.А. – студенттерді «In the World of Science and Education» халықаралық ғылыми журналына/конференциясына қатысуға дайындағаны үшін сертификатпен марапатталды.

 

Баспа қызметі

2025–2026 оқу жылында «Қолданбалы биотехнология» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы жалпы саны 121 ғылыми баспа жұмысын жариялады. Оның ішінде:

  • 1 монография;
  • Зияткерлік меншік объектілеріне қатысты 23 құжат, оның ішінде:
    • 6 пайдалы модельге патент;
    • 1 өнертабысқа патент;
    • авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтар туралы мәліметтерді Мемлекеттік тізілімге енгізу жөніндегі 12 куәлік;
    • өнертабысқа патент алуға 2 өтінім берілді;
    • өнертабысқа патент бойынша формальды сараптаманың оң нәтижесі туралы 2 хабарлама алынды;
  • 50 ғылыми мақала, оның ішінде:
    • 10 мақала Scopus деректер базасына енгізілген басылымдарда;
    • 11 мақала Scopus/Clarivate Analytics деректер базаларына кіретін басылымдарда;
    • 20 мақала ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған журналдарда;
    • 4 мақала шетелдік басылымдарда;
    • 5 мақала басқа басылымдарда жарияланды;
  • 47 ғылыми баяндама (тезис), оның ішінде:
    • 25 – шетелдік;
    • 11 – халықаралық;
    • 11 – республикалық деңгейдегі ғылыми іс-шараларда ұсынылды.

BR 24993234 «Ұлттық өнімдерді өндірудің инновациялық технологиялары: ет және сүт өнімдерін қарқындату және цифрландыру» нысаналы ғылыми-зерттеу жобасы аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде «Первомайские деликатесы» ЖШС өндірісіне байытылған құрамды жая және қалыпталған ет өнімдерін өндіру технологиялары бойынша 2 енгізу актісі рәсімделді.

Жобаның авторлары: Құрманәлі А.Н. (докторант), Абжанова Ш.А.

 

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары

2025–2026 оқу жылында кафедраның студенттері, магистранттары мен докторанттары төмендегі ғылыми іс-шараларға белсенді қатысты:

  1. «Ғылым. Білім. Жастар» жас ғалымдардың республикалық ғылыми-практикалық конференциясы (2026 жылғы 9 сәуір, «АТУ» АҚ).
  2. «Тамақ, жеңіл өнеркәсіп және қонақжайлылық индустриясының инновациялық дамуы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы (2025 жылғы 23 қазан).
  3. «Жас зерттеушілердің халықаралық форумы – 2025» III халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы (2025 жылғы 6 қараша, Петрозаводск қаласы, Ресей Федерациясы).
  4. XI International Scientific-Practical Conference (2025 жылғы 19–21 қараша, Сан-Антонио қаласы, Техас штаты, АҚШ).
  5. Студенттер мен білім алушылардың Бүкілресейлік зерттеу форумы. II Бүкілресейлік ғылыми-практикалық конференция (2025 жылғы 15 желтоқсан, Петрозаводск қаласы, Ресей Федерациясы).
  6. «Тоңазытқыш техникасы, инженерлік жүйелер және биотехнологиялар» VII ұлттық конференциясы (Кемерово қаласы, Кемеров мемлекеттік университеті, РИНЦ).
  7. «Инженерия бүгін. Мәселелері, үрдістері, перспективалары» атты оқытушылардың, жас ғалымдар мен студенттердің Бүкілресейлік ғылыми-практикалық интернет-конференциясы (Ресей Федерациясы, 16–18 ақпан, РИНЦ).

Оқу жылының басында STARTUP-ATU конкурсы басталып, оның екінші кезеңі 2025 жылғы 15 желтоқсанда өткізілді. Ахметова Н.Қ. және Құрманәлі А.Н. ғылыми жетекшілігімен 2-курс студенттері Рымжан Дамир, Есберген Ернұр және Мамыт Қарлығаш «Табиғи эфир майлары негізінде хош иісті шамдар жасау» жобасын ұсынып, өз жұмыстарын қорғады.

«EcoAroma Candles» стартап-жобасы «START-UP ATU-2026» байқауының жеңімпаздары қатарынан орын алды!

«EcoAroma Candles» жобасы «START-UP ATU-2026» байқауында жеңімпаз атанып, 500 000 теңге көлеміндегі сертификатпен марапатталды. Сертификатты «АТУ Эндаумент» корпоративтік қоры табыстады.

Жоба авторлары:

  • 2-курс студенттері: Есберген Е., Мамыт Қ., Рымжан Д.;
  • ғылыми жетекшілері: Ахметова Н.Қ., Құрманәлі А.Н.

Қазіргі таңда нарықтағы көптеген хош иісті шамдардың құрамында парафин мен адам денсаулығына кері әсер етуі мүмкін химиялық хош иістендіргіштер кездеседі. Сонымен қатар табиғи, қауіпсіз әрі босаңсыту әсері бар өнімдерге деген сұраныс жоғары болғанымен, мұндай өнімдердің ұсынысы жеткіліксіз.

EcoAroma Candles жобасының мақсаты – табиғи хош иістер мен экологиялық таза өнімдер арқылы адамдарға жайлылық, тыныштық және эмоционалдық тепе-теңдік сыйлау. Жоба табиғи өсімдіктерден биотехнологиялық әдістерді қолдану арқылы эфир майларын алу технологиясына негізделген және босаңсыту әсері бар, экологиялық таза әрі денсаулыққа қауіпсіз хош иісті шамдар өндіруді көздейді.

«EcoAroma Candles» – табиғи эфир майлары негізінде ароматерапиялық шамдар өндіруге бағытталған стартап-жоба.

«Vocational Training for Economic Growth Sectors in Central Asia» жобасы аясында докторант Бейсембаева А.Б. Каунас қаласындағы Литва денсаулық ғылымдары университетінде (Lithuanian University of Health Sciences) ғылыми тағылымдамадан өтті. Тағылымдамадан өткені туралы сертификаты бар.

2026 жылғы 27 сәуірде 3-курс студенттері Мирзаев Бастахун, Хритина Анна және Богомолов Сергей әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында өткен XVIII Республикалық пәндік олимпиадаға қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша білім алушылар белсенді қатысқаны және жоғары дайындық деңгейін көрсеткені үшін сертификаттармен марапатталды.

Ғылыми жетекшісі: Усманова А.Д.

2025 жылғы 9 сәуірде «АТУ» АҚ базасында өткен жас ғалымдардың жыл сайынғы «Ғылым. Білім. Жастар» республикалық ғылыми-практикалық конференциясының қорытындысы бойынша 3-курс студенті Хритина Анна II орын үшін дипломмен марапатталды.

XVIII Республикалық пәндік олимпиаданың екінші кезеңіне қатысқаны үшін алғыс хат.

(3-курс студенттері: Мирзаев Бастахун, Хритина Анна және Богомолов Сергей).

 

«Ғылым. Білім. Жастар» жас ғалымдардың республикалық ғылыми-практикалық конференциясында (2026 жылғы 9 сәуір, Алматы қаласы, АТУ) ғылыми баяндама жасағаны үшін II орын.

(Студент: Хритина А.).

«START-UP ATU-2026» байқауында «EcoAroma Candles» стартап-жобасын ұсынған авторлар: 2-курс студенттері Есберген Е., Мамыт Қ., Рымжан Д. және ғылыми жетекшілері Ахметова Н.Қ., Құрманәлі А.Н.

«START-UP ATU-2026» байқауында жеңімпаз атанғаны үшін 500 000 теңге көлеміндегі сертификат.

Галерея

Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
8:30-дан 17:30-ға дейін байланыстамыз